«Таза Қазақстан» респикалық акциясы

27
Тараздағы «Ұлы дала» шағын ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кең көлемді көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
🔹Табиғатты қорғау мен қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған бұл игі шараға жергілікті тұрғындар, еріктілер мен түрлі мекеме қызметкерлері белсенді қатысты.
✅ Акция барысында шағын аудан аумағына барлығы 285 түп ағаш отырғызылды. Оның ішінде 150 дана ясень, 87 дана катальпа, 28 дана терек және 20 дана айлант көшеттері егілді.
✅ Әрбір ағаш түрі жергілікті климатқа бейімделген, көлеңке беріп, ауаны тазартуға үлес қосатын жасыл желек ретінде таңдалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.