Тәуелсіздік күніне орай мәдени-спорттық шаралар өткізілді

92

2023 жылы 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында №58 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында қол күрестен, гір көтеруден, дойбы ойындарынан және стенд газеті көрмесінен мәдени-спорттық іс-шаралары САТжӘПЖЖ бөлімінің жасақ бастықтары ұйымдастыруымен өткізілді. Жарыстың мақсаты – сотталғандардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және патриоттық сезімдерін ояту, ұйымшылдық пен ынтымақтыстықты қалыптастыру, зияткерлік спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыру. Ойын қорытындысында қызықты да тартысты өткен спорттық жарыста жеңімпаздар анықталып, түрлі дәрежелі жүлделі орындарға ие болған сотталғандар марапатталды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.