Тараз қаласында жолдарды жөндеуге ерекше көңіл бөлінуде. Әсіресе, бұрын-соңды жол игілігін көрмеген аумақтарға айрықша назар аударылуда. Соның бірі – «Тастақ» тұрғын алқабы (Толчок). Бүгінде мұндағы Алатау көшесінің 1-ші бұрылысы (Мешіттен №27 үйге дейін), Жанболатов көшесінің тұйығы (Алатау көшесі, 2-ші бұрылысынан №10 үйге дейін) және Пригородный көшесінің бұрылысы орташа жөндеуден өткізілуде. Қазіргі таңда жол негіздемесі дайындалуда.
Құрылыстың мердігері «B grass» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, техникалық қадағалаушы – «АКГЕМ строй» ЖШС.
– Алқапқа қарасты көшелер орташа жөндеуден өтуде. Жолдың ұзындығы 1 шақырым 870 метрді құрайды. Құрылыс басында арнайы бес техника және 10-га жуық адам жұмыс істеуде. Межелі мерзімде жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтауды көздеп отырмыз, – дейді техникалық қадағалаушы Темірлан Қалдашов.
Бұл іске тұрғындар да дән риза.
Тараз қаласының әкімдігі