САЛА МАМАНДАРЫ ЖҰРЫМБАЙ АУЛЫНДАҒЫ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

89
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Жұрымбай ауылындағы көпбалалы аналармен кездесу өткізілді.
Кездесуге Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек көрсету бойынша бас маманы Жанна Камалқызы Махмудова, Жуалы аудандық «Мансап» орталығы филиалының бас маманы Айбек Маралұлы Жанұзақов және Қарасаз ауылдық округінің әкімі Жанар Нұрмұратқызы қатысты.
Жанна Камалқызы 2023жылы 20 сәуірде Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге тоқталды. Ауыл тұрғындарына атаулы әлеуметтік төлем, азық-түлік топтамасы, бала күтіміне байланысты жәрдемақы бойынша өзгерістерді түсіндірді. Әлеуметтік аймақтық бағдарламалар арқылы ауданда жәрдемақылар, әлеуметтік көмектер, кедейшілік мәселелері шешіледі.
Айбек Маралұлы «Мансап» орталығының бағдарламаларын атап өтіп, жүйелі жұмыстың барысымен таныстырды. Әлеуметтік жағдайды көтеру үшін көптеген мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар қабылданған. Бағдарламалардың маңыздылығы – елдегі әлеуметтік жағдайды жақсарту, білім беру, жұмыспен қамту және денсаулық сақтау салаларының сапаларын жақсарту болып табылады.
Жиында ауыл тұрғындары мамандарға сұрақ қойып, пікір алмасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.