Ташкентте жүлде алған боксшыларды марапаттау рәсімі өтті

61

Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында жүлде алған боксшыларды марапаттау рәсімі өтті деп хабарлады turkystan.kz.

Айта кетейік, бокстан әлем чемпионатында Қазақстаннан төрт боксшы «алтын» алса, бір боксшы күміс медальге ие болған еді. Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев жүлде алған боксшыларды ресми түрде марапаттады.

Ташкентте жүлде алған боксшыларды марапаттау рәсімі өтті

«Бүгін Ташкентте бокстан әлем чемпиондарын марапаттау рәсімін өткіздім. Осылайша, үздіктердің үздігі Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай Қазақстан бокс федерациясы президентінің атынан 100 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сертификаттарға ие болды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауовқа келер болсақ, ғаламтордағы жанкүйерлердің бірауыздан пікірін оқып, боксшымызға 50 мың АҚШ доллары көлеміндегі сертификаттан бөлек, арнайы бағалы швейцариялық сағатты сыйлық ретінде беруді жөн көрдім», – деді Кеңес Рақышев.

Ташкентте жүлде алған боксшыларды марапаттау рәсімі өтті

Табысты нәтижелерге үлес қосқан командалардың басқа өкілдері де назардан тыс қалмады. Жаттықтырушылар штабы, кеңесшілер және боксшылардың кешенді ғылыми топтарының өкілдері, штаттық және жеке жаттықтырушылар, дәрігерлер, массаж жасаушылар және т.б. 1 000 доллардан 15 000 долларға дейінгі ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Ташкентте жүлде алған боксшыларды марапаттау рәсімі өтті

Ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановқа келер болсақ, Өзбекстан астанасында көрсеткен нәтиже үшін 25 мың АҚШ доллары көлеміндегі сертификаттан бөлек, ҚБФ атынан автокөлік сыйға тартылды.

Ташкентте жүлде алған боксшыларды марапаттау рәсімі өтті

 

Фото: facebook.com/Кенес Ракишев

https://turkystan.kz/article/224670-tashkentte-zhulde-algan-boksshylardy-marapattau-resimi-otti/

Leave A Reply

Your email address will not be published.