Тараздықтардың тұрмысы түзелуде

63

Бүгінгі күні облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артып келеді. Атап айтқанда, бойынша қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуында оң өзгерістер қалыптасқан. Мәселен,  өнеркәсіп саласында 326,4 миллиард теңгеге өнім өндіріліп, нақты индекс көлемі 106,8 пайызды,  ауыл шаруашылығында 5,4 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,1 пайызды құраған. Сондай-ақ  негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі  69,2 миллиард  теңгені немесе нақты көлем индексі 91,0 пайызға жетті.  Ал құрылыс жұмыстарының көлемі 32,2 млрд. теңгеге, нақты көлем индексі 99,4 пайызға орындалды. Сондай-ақ пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің жалпы аумағы 188 мың шаршы метрді құрап, мұндағы меже де 100,1 пайызға орындалған. Сонымен қатар инфляция деңгейі 13,7 пайызды құрап, азық-түлік тауарлары – 14,0 пайызға, азық-түлік емес тауарлар – 15,3 пайызға,  ақылы қызметтер тарифі – 11,1 пайызға өскен. Ал жұмыссыздық деңгейі 5,7 пайызды құраса, ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 527 теңге, орташа номиналды айлық жалақы 285 131 теңгеге жетті.

Қалада қылмыспен және құқықбұзушылықпен де күрес күшейіп келеді. Айталық, құқық қорғау саласында  есепті мерзімде  шаһар көлемінде жалпы әр түрлі 1538 қылмыс тіркеліп, былтырмен салыстырғанда қылмыс саны 22,5 пайызға төмендесе, ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың тіркелуі 25,4 пайызға азайған. Сондай-ақ, 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында қала бойынша жол көлік оқиғалары 38 пайызға төмендеген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.