ТАРАЗДЫҚ НЕЙРОХИРУРГТЕР 7 ЖАСАР БАЛАНЫ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

126
Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 2016 жылы туылған бала «Самай аймағының дермоидты кистасы, самай сүйегіндегі түзілістің тоқ ішекке инвазиясы» диагнозымен жатқызылған.
Осы шағымдарды ескере отырып, олар өз бетінше бас миының компьютерлік томографиясын жасаған.
Тексеру нәтижелері бойынша КТ-да сол жақта самай аймағында дермоидты кистаның белгілері анықталған.
Бала портал арқылы ауруханаға жатқызылып, шұғыл түрде оған хирургиялық араласу жасалады.
Операцияны Саят Жұмабаев, Мирдас Мұрадов және Мирсаид Байматов, сондай-ақ анестезиолог Бақтияр Баялиевтер барынша сәтті жасап шығып, барлық мүмкіндіктерді пайлаланады.
Нейрохирургтер тобы соңғы үлгідегі PENTERA 900 микроскопының көмегімен сол жақ самай сүйегінің ісігін алып, ұзақ уақыт бойына пластикалық операция жасайды. Құрылғы көмегімен олар ісікті толығымен жойып, ақыры ота сәтті аяқталды.
Бүгінде кішкентай науқастың жағдайы күннен-күнге жақсарып келеді. Мидың бақылау компьютерлік томографиясы оң динамикасын көрсетіп, сол жақта самай сүйегінде қалдық ісік табылмаған. Қазір бала нейрохирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр.

 

Жамбыл- Тараз Қоғамдық Газеті

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.