Таразда «Taraz tour» мобильдік қосымшасы іске қосылды

604

Тараз қаласындағы Қарахан кесенесінің маңында «Taraz tour» мобильдік қосымшасының тұсауы кесілді.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында іске қосылған заманауи қосымша арқылы кез келген турист өңірдегі тарихи-мәдени нысандар мен киелі орындарға барған кезде барлық қажетті ақпаратқа еш адамның көмегінсіз-ақ қол жеткізе алады. Ол үшін турист смартфонындағы «play маркет» қосымшасы арқылы «Taraz tour» мобильдік қосымшасын жүктеп, тарихи-мәдени нысан алдындағы таста көрсетілген QR-кодқа қоюуы керек. Сол заматта-ақ толыққанды ақпарат экранға өзі шыға келеді екен.

Мобильдік қосымшаны таныстырған облыстық туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова мұндай «QR-код» өңірдегі өзге де 20 нысанға орнатылғанын айтты. Сонымен қатар смартфонды VR көзілдіріктің ішіне қондырып, виртуалды бейнені жақындатып, нысан туралы ақпаратты толыққанды алу мүмкіндігі де қарастырылған екен. Тіпті бұл мобильді қосымшаны офлайн режімде де қолдануға болатын көрінеді. Ал AR арқылы мәліметті тарихи тұлғалардың бейнесімен көруге жағдай жасалған. Бұдан бөлек, навигаторға киелі жерлерге жету мүмкіндіктері арнайы бағыттармен көрсетілген. Сол арқылы интернеттің көмегімен картаға қарай отырып, нысанды іздеген адам ешкімге жүгінбестен өзі жете алады.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.