Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді

100
⚡️ Мемлекет басшысы:
«Өткен аптада Еуропа кеңесінің Президенті Шарль Мишель біздің елге ресми сапармен келгенін білесіздер. Сол кезде Қазақстан мен «Неміс-Швед» компаниясы арасында инвестиция туралы тиісті келісімге қол қойылды. Инвестор Маңғыстау облысында «жасыл» сутегі өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, күніне 255 мың текшеметр су тұшытатын зауыт, 40 гигаватт жаңғыртылатын қуат көздері стансасын салу жоспарда тұр. Осы жоба жүзеге асырылса, құрылыс кезінде 3500, ал нысан іске қосылған кезде 1800 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туады. Өз мамандарымызды оқытып, даярлаймыз. Тиісті инфрақұрылым салынады. Инвестор өзіне жүктелген әлеуметтік міндеттемелерін орындайды.
❗️Аймақтың дамуына кешенді әлеуметтік-экономикалық әсерін тигізетін осындай жобалар көп болуы керек. Қазір бүкіл әлемде инвестиция үшін бәсеке күшейді. Біздің еліміз өз әлеуетін толық пайдаланып, инвестициялық ахуалды жақсартуға мықтап кірісуі керек.
Тағы да қайталап айтамын: Үкімет пен әкімдер бірлесіп, бұл мәселеге баса назар аударуға тиіс»

Leave A Reply

Your email address will not be published.