Бүгін Таразда «Тараз – қолөнершілер қаласы» атты Халықаралық қолөнершілер фестивалі салтанатты түрде ашылды.


– Екі мың жылдан астам тарихы бар қала ғасырлар бойы сан түрлі халықтарды табыстырып, өнер мен дәстүрдің үзілмес желісін қалыптастырды. 2022 жылы қаламыздың дүниежүзілік қолөнершілер қалалары тізіміне енуі – ел мерейін өсірген айтулы жетістік. Осы мәртебе – ата-бабадан аманат болған ұлттық қолөнеріміздің жаһандық деңгейде мойындалғанының айқын дәлелі, – деді Ербол Шырақпайұлы.
