Таразда инвесторлар металлургиялық зауыт салуды жоспарлап отыр

86
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Азия Метал Проф» ЖШС директоры Дамир Бахроновпен кездесу өткізді.

Тараптар инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысын талқылады. Жоспарлы жоба металлургия құрылысына арналған қара металды қайта балқыту, шаршы дайындамаларды өндіру және жұқа қаңылтыр мырышталған болат пен полимерлі болат өндірісіне негізделген зауыт салу көздейді.

Жоба құны 50 млрд теңгеден асады. Зауыт «Тараз» индустриялық аймағында салынады.

Жер учаскелері белгіленіп, тиісті құжаттарға қол қойылды. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталды.

Басқосуда жоба жетекшісі Шавкат Махмудов та жоспарлы шаралармен таныстырды.

Кездесу барысында тараптар электр энергиясы, инженерлік-көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.

Облыс әкімі инвесторға жан-жақты қолдау көрсетілетініне сендіріп, экологиялық заңнама талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.