Тараздың Орталық алаңынан Тұңғыш Президенті саябағына шейін марафон өткізілді. Ол «Оңтүстік» қолбасшылығына қарасты механикаландырылған бригаданың құрылғанына 18 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Жарысты Паралимпиада чемпионы, жүзуден халықаралық дәрежедегі Қазақстан шебері, Қазақстан паралимпида құрамасының капитаны Зүлфия Габидуллина ашып берді.
«Мені құрметті қонақ ретінде осы марафонға шақырылғаныма ризашылығымды білдіремін. Жеңіске ұмтылыс, ұдайы жаттығу және өзіңді шынықтыру менің өмірімнің басты шарты. Бұл талап Қазақстан армиясына да қойылады», — деді Зүлфия Габидуллина.
Әскери бөлімнің құрылғанына орай өткізілген марафон қаладағы «Достық» алаңынан басталды. Жүгірушілер Төле би даңғылымен жүріп отырып Тұңғыш Президент саябағында мәреге жетті. Спорттық шараға Тараз гарнизонының офицерлері мен сарбаздары, ҚР ҰҚК Шекара қызметі мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері қатысты.
«2000 жылы 5 тамызда Оңтүстік әскери округ — қазіргі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы құрылған кезде 85395 әскери бөлімі ашылды. Бұл 5-ші механикаландырылған бригада. Бұл әскери бөлім халықаралық міндеттемелерге сәйкес ҚР Қорғаныс министрлігінің ашық жариялануы тиіс нысандарының тізбесіне енгізілді», — деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі Дина Мухаринова.
Оның айтуынша, Жамбыл облысының тұрғындары осы бригададан армия, әскери қызмет жөнінде алғашқы әсерді алады.
«Қазіргі таңда бұл — Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі ең ірі, Жамбыл облысындағы жалғыз әскери бригада болып саналады. Сондықтан біздің әскери қызметкерлер қандай да бір әскери іс-қимыл кезінде алғы шепте болады деген сөз. Ал, механикаландырылған деген атауы оның құрамында жаяу әскердің машиналары, танктер мен зениттік қондырғыларды бар дегенді білдіреді», — дейді Дина Мухаринова.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5-ші механикаландырылған бригада құрамында мотоатқыштар, танкшілер, байланысшылар, барлаушылар, саперлар, зенит атқыштар, миномет атқыштар және басқа да көптеген әскери мамандар қызмет етеді. Олар Қазақстанның оңтүстігін қорғайды.
«Марафонға дейін барлық әскери қызметшілер парадтық киіммен Тараздың қалалық мәдениет үйіндегі салтанатты жиында бас қосты. Онда әскери бөлімнің құрылуы аталып өтіп мен оның барлық командирлері еске алынды. 85395 әскери бөлімініің алғашқы командирі полковник Асхан Тасболатов болды, оған кейіннен генерал-лейтенант шені берілді. Бригадаға барлығы сегіз командир командир басшылық еткен. Солардың екеуі генерал атанды. Асхан Тасболатовтан басқа қазір Қазақстан армиясының десанттық-шабуылдаушы әскерінің қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұловты айтуға болады», — дейді Дина Мухаринова.