Таразда арзан бағадағы жәрмеңке өтті

100
Бүгін облыс орталығындағы «Grand bazaar» сауда кешеніне 53,3 тонна көлемінде облыстағы 5 аудан (Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай) мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізіліп, нарықтағы бағадан 10-25% төмен бағада саудаланды.
Өткерілген өнімдердің ішінде 9,7 тонна ет, 3,5 тонна шұжық және 3,2 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 3,0 тонна макарон өнімдері, 0,6 тонна балық, 2,0 тонна ұн, 2,2 тонна бал және 28,6 тонна жеміс-жидек пен көкөніс бар.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.