Дулат Бекбауов Азия чемпионатының күміс жүлдегері

121
Иордания астанасы Амманда бокстан Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде Дулат Бекбауов финалда қарсыласына есе жіберді.
Қазақстан чемпионы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Тайланд өкілі Бунжонг Синсиримен алтын жүлдені сарапқа салған болатын.
Жекпе-жек тартысты өтті. Төрешілердің жеңісті қай боксшыға беретіні жөнінде пікірі қақ жарылды. Нәтижесінде тайландтық былғары қолғап шебері төрешілер шешімімен 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Дулат Бекбауов Азия чемпионатының күміс жүлдесін қанағат тұтты.
Жеке бапкері — Нұрлан Ақүрпеков.

Жамбыл облысы әкімдігінің

дене шынықтыру және спорт басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.