Үстел теннисінен ашық турнир өткізілді

159
Байзақ ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Бұқаралық спорт іс-шараларын өткізу орталығының ұйымдастыруымен
Ж. Үшкемпіров атындағы №9 БЖСМ спорт кешенінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, ауыл округтеріндегі мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында Үстел теннисінен ашық турнир өткізілді.
Жарысқа әр округтен 1 ер,1 әйелден жасақталған 30 спортшы қатысып, жарыс жеңімпаздары анықталып, үздіктер қатырынан көрінген командалар марапатқа ие болды.
Атап айтар болсақ, жекелей сында орындарға ие болған қызметкерлер ерлер арасында жүлделі 1-орынды Қостөбе ауылдық округінен Сарсембаев Бақберген, 2-3 ші орындарды Сарыкемер ауылдық округінен Айтбек Нұрдаулет және Әділханұлы Олжас иеленді.
Әйелдер арасында 1-орынды Сарыкемер ауылдық округінен Шолтабаева Жібек, 2-орынды Қостөбе ауылдық округінен Үзенбаева Зарина, 3-орынды Бәйтерек ауылдық округінен Мақаш Қуанышкүл және Бурыл ауылдық округінен Абишева Ләззат жүлделі орындарға ие болды. Жалпыкомандалық есепте жүлделі 1-орынды Сарыкемер ауылдық округі, 2- орынды Қостөбе ауылдық округі, 3-орынды Бурыл ауылдық округі иеленді. Жарыс жеңімпаздары тиісті Диплом медальдармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.