Тараз суретшілерінің жетістігі

258
Бүгін Ленинград облысы мен Жамбыл облысының өзара ынтымақтастық меморандумы аясында өткен «Біз Таразданбыз» атты кескіндеме көрмесіне қатысқан өңіріміздің майталман суретшілермен кездестім.
Сонымен қатар Жамбыл өңірінің тумасы, Ресей федерациясының тұрғыны, Ресей суретшілер одағының мүшесі, Петровский атындағы Ғылым және өнер академиясының мүшесі, әлемге әйгілі суретші Владимир Павлович Пантелеев және ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Паншаев Мухамет-Умар, ҚР суретшілер одағының мүшесі Каспакова Гульнара, Тараз қаласының суретшілер одағының мүшесі Савчук Светлана, суретші Худяков Владимир мен Жуалы аудандық өнер мектебінің директоры Муратаев Қанатпен әңгімелесіп, облысымыздың 85 жылдық мерейтойына арналған елімізге танымал суретшілердің көрмесін және әлемге танымал мүсіншілердің симпозиумын өткізу мәселесін талқыладық.
Сондай-ақ Тараздық суретшілерді Ресей Федерациясында өткен «Біз Таразданбыз» атты кескіндеме көрмесіне қатысқандары үшін берілген дипломдарын табыстадым.
Өнер азаматтарына сәттілік.
 Серик Салемов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.