«ТАРАЗ – ӨТКЕН МЕН БОЛАШАҚТЫҢ ТҮЙІСКЕН ҚАЛАСЫ»

109
Қазақстан Республикасының «Караванинг» жобасы аясында Алматы мен Астана қалаларынан Туризм Академиясы «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығында қонақта болды.
Орталық қонақтары Кеңес Одағының батыры, қазақ халқының аяулы перзенті Бауыржан Момышұлының ғылыми-шығармашылық мұрасымен, өмірінен терең сыр шертетін құнды жәдігерлермен танысып шықты.
Қаруын қаламға ауыстырған жазушы Бауыржан Момышұлының 30 томдық кітаптарымен танысты.
Бауыржан Момышұлының сұрапыл соғыс жылдары қолданған картасы мен өзінің сызған схема көшірмелеріне зер салып, тәнті болды.
Өздерінің қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Батырдың өз қолымен жазылған құжаттар көшірмесімен де мұқият танысып, әсерлерімен бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.