Талас ауданында Ұлттық домбыра күні кең көлемде аталып өтті

77

Бүгін Талас ауданында Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік мәдени іс-шара өтті.

Мерекелік кеш «Домбыраның мәңгілік үні» театрландырылған композициясымен ашылып, «Дарын» балалар өнер мектебі оркестрінің орындауындағы күйлермен жалғасын тапты.

Мерекелік бағдарламада «Асыл мұра» фольклорлық ансамблі, аудан өнерпаздары мен әншілері өнер көрсетіп, күй мен әннен шашу шашты.
Кеш барысында ұлттық өнер дәріптеліп, Жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары, заң үстемдігі, қоғамдық келісім мен ел бірлігі кеңінен насихатталды.

Баршаңызды Астана күні және Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймыз! Елімізде әрдайым бірлік пен береке, бейбітшілік пен тұрақтылық салтанат құрып, қасиетті домбырамыздың күмбірі әр шаңырақта мәңгілік жаңғыра берсін!

Leave A Reply

Your email address will not be published.