Тараз қаласының аумағы кеңейтіледі

59

Тараз қаласының аумағы кеңейтіледі
 Gov.kz

Тараз қаласының аумағын кеңейту үшін Жамбыл және Байзақ аудандарының бір бөлігі қалаға қосылатын болады.

«Жамбыл ауданы жерінің бір бөлігін жалпы көлемі 11 257,9181 гектар, Байзақ ауданы жерінің бір бөлігін жалпы көлемі 1 761,2014 гектар жерді Тараз қаласының шекарасына қосу арқылы өзгертілсін», – делінген қаулы жобасында.

Қазір Тараздың аумағы 18 787,0 гектар болса, қала 31 798,7 гектарға дейін кеңейтілмек. Жамбыл ауданы 412 402,0819 гектарға, Байзақ ауданы 444 259,80 гектарға дейін ұлғаяды.

2023 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша Тараз қаласында 422,8 мың адам тұрады. Билік шекараларды өзгерту қаланың орталық бөлігінде аз және орта қабатты үйлерді орналастырумен халықты қоныстандырудың жаңа тұжырымдамасын қалыптастыруға ықпал етеді деп санайды.

Бүгінде Таразда өндіріске бос орын жоқ. Қаланы кеңейту инвесторлардан түсетін ұсыныстарды қанағаттандыруға көмектеседі.

https://turkystan.kz/article/246248-taraz-kalasynyn-aumagy-keneitiledi

Leave A Reply

Your email address will not be published.