Тапсырма талабы – нәтиже

66
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев таңертеңгі уақытта Тараздағы аумақтық округтерді аралап, тыныс-тіршілігімен танысуда.
Аймақ басшысы жұмыс барысында шаһардың тазалығына айрықша назар аударып, бірқатар тапсырма жүктеген еді.
«Айтылды – орындалды» қағидасын берік ұстанған округтің бас инспекторлары кеткен кемшіліктерді түзеп, өзге де мәселелерді назарда ұстауда.
Осы орайда тұрғындар назарына «Дейін – кейін» айдарымен атқарылған жұмыстардың бір парасын ұсынуды жөн көрдік.
Алдағы уақытта облыс әкімі тарапынан берілген тапсырмаларды, жасалған жұмыстарды әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялап отыратын боламыз.

 

Бақытжан Орынбеков

Leave A Reply

Your email address will not be published.