Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев өз радиосын ашпақ

68

«Радионы ашайын деп жатқанымыз рас. Ол – Мейрамбектің радиосы. 98.9 әуе толқынында хабар таратады», — деді ол.

Оның айтуынша, радио ашу – Мейрамбек Бесбаевтың бала күнгі арманы.

«Мейрамбек бала күнінен радио ашуды армандаған. Ал оған «Aspan FM» деген атауды ақын Қалқаман Сарин берді», — дейді Айман Нұразхан.

«Aspan FM» радиосы 7 қарашадан бастап хабар таратады. Қазіргі таңда әуе толқынында қойылатын әндерді іріктеу жұмысы жүріп жатыр.

«Қазір бізде сынақ жұмыстары жүріп жатыр. Әрине, бірінші кезекте қазақтың музыкасы қойылады. Оның ішінде жаңадан шығып жатқан жастардың әндері беріледі. Ал радионың хабарлары бойынша мәселе — әлі құпия. Бірақ біз саясатты қозғамаймыз. Мұнда басымдық музыкаға беріледі», — деді А.Нұразхан.

 

https://turkystan.kz/article/235189-tanymal-nshi-meyrambek-besbaev-z-radiosyn-ashpa

Leave A Reply

Your email address will not be published.