Тамақтануға деген көзқарасыңызды өзгертетін 3 фильм

109

Әрбір адам денсаулығын жақсартқысы келеді. Бірақ кейде жақсы көретін зиянды тамағынан бас тартуға және спортпен айналысуға өзіңді мәжбүрлеу қиынға соғады. Ол үшін өзіңізді психологиялық тұрғыда дұрыс дайындау, мотивация және нақты жоспар қажет. Кейде бұл істі қолға алу үшін шабыт беретін мақала оқу немесе осы тақырыпта түсірілген кино көру көмектеседі. Ендеше, тамақтануға деген көзқарасыңызды өзгертетін 3 фильмді ұсынамыз.

«Қант» («That Sugar Film»), 2014 жыл

Бұл аустралиялық деректі фильм өз уақытында бүкіл әлем бойынша қызу талқыланды. «Қант» — өз-өзіне тәжірибе жасауды шешкен режиссер және актер Деймон Гамоның видеохроникасы. Басты кейіпкер 60 күн бойы «healthy» белгісі бар өнімдер жейді. Бұл фильмді көру арқылы «диеталық» немесе «төмен калориялы» деген белгісі бар өнімдердің бәріне бірдей сенуге болмайтынын түсінесіз.

 

«Екі есе порция» («Super Size Me»), 2004 жыл

Американдық Морган Сперло бір ай бойы тек фастфуд жеп, ол оның денсаулығына қалай әсер ететінін бақылауды шешеді. Фильмнен оның бір айда қанша салмақ қосатынын көріңіз. Одан соң фастфуд жегіңіз келмей қалады.

 

«Лас су» («Dark Waters»), 2001 жыл

Мистер Билотт — атақты заң компаниясының қызметкері. Бір күні оған күтпеген қоңырау келеді: одан фермер көмек сұрайды. Ол сиырларын жерлеуден шаршағанын айтады. Сиырлар өндірістен шығатын химиялық заттар түскен өзеннен су ішеді.

А. Жапатова

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/kino/74946/?fbclid=IwAR1i—6MsQq6QdredNfwssEqD_IXj4cG9CpaG4aI5sE8gz-3A2v1zXcb4dE

Leave A Reply

Your email address will not be published.