Полиция Талғарда екі ер адамның арасындағы төбелеске қатысты түсініктеме берді.
Аталған факт бойынша полицияға хабарлама түскен жоқ. Соған қарамастан, оқиға Талғар аудандық полициясында тіркелді.
«Полицейлер бейнежазбада жазылған оқиғаға қатысушыларды жедел анықтап, заң аясында қажетті шараларды қабылдады. Ауданның 37 және 31 жасар тұрғындарын жауапқа тарту үшін полицияға жеткізді. Белгілі болғандай, жанжалдың себебі оларды ажыратуға тырысқан әйелдің туыстары, яғни ағасы мен күйеуі арасындағы дау болды», — делінген Алматы облысы ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысушылардың бір-біріне деген шағымдары жоқ.
Фото: express-china.ru