Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Жол апаты 8 ақпанда Audi-100 автокөлігінің қатысуымен болды. Белгілі болғандай, тас жолдың 271-шақырымында жүргізуші көлікті басқара алмай, ағашқа соғылған. Оқиға орнында жүргізуші мен үш жолаушы көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде», – деп мәлімдеді Жетісу облысы ПД бастығы Сарқытбай Құсайынов.
Полиция өкілдері барлық жол қозғалысына қатысушыларды жылдамдық режимін қатаң сақтауға және барынша мұқият болуға шақырды.
фото: istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/255656-taldykorganda-zhol-apatynan-tort-adam-koz-zhumdy