ТАЛАС АУДАНДЫҚ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

88
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі, комиссия төрағасы Н.Жүнісбековтың төрағалығымен Талас аудандық терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысына комиссия мүшелері, бөлім және мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Жиында терроризм актілерінің салдарын жоюға немесе барынша азайтуға жұмылдырылатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дайындық деңгейі және материалды-техникалық жабдықталуы қаралды.
Жауапты мамандар өздерінің дайындық деңгейі бойынша баяндама жасап, комиссия төрағасы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Отырыстың қорытындысы бойынша аудан әкімі шешім жобасымен комиссия мүшелерін таныстырып, көтерілген ұсыныстар хаттамалық тапсырмаларға енгізілуін тапсырды.
Талас аудан әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.