Жазғы Азия ойындары: Қазақстан ушу мен жүзуден қол медаль жеңді  

49

қола медаль

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындары аясында Ушу-саньда сайысы бойынша Ұлттық құрама мүшесі Аян Тұрсын қола жүлдегер атанды. 52 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында отандасымыз жарыс қожайыны Юэяо Лиге есе жіберді.

Ал Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден оң нәтиже көрсетті. Отандасымыз қашықтықты 51,86 секундта бағындырып, мәреше үшінші жетті. Ал бірінші орынды қытайлық Чангао Вангу, екінші орынды жапониялық Кацухиро Мацумото жеңіп алды.

Қазір Қазақстан қоржынында жалпы есепте 13 медаль бар. Оның 1-і алтын, 2-і күміс, ал 10-ы қола.

https://stan.kz/zhazgi-aziya-oyindari-kazakstan-ushu-men-zhuzuden-kol-m-388848/

Leave A Reply

Your email address will not be published.