Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

136
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Т.Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барып, актив жиналысына қатысты.
Аймақ басшысы аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес Т.Рысқұлов ауданының әкімі болып сайланған Ернар Есіркеповті таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформасын іске асыру барысында облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес ағымдағы жылғы 5 қарашада пилоттық негізде облысымыздағы Т. Рысқұлов және Жуалы аудандары әкімдерінің сайлауы өткен болатын.
Т.Рысқұлов ауданындағы сайлаушылардың 50,82 пайызы өз таңдауларын жасаған сайлауда көпшілік дауыспен Ернар Есіркепов жеңіске жеткен.

 

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.