Түркістан облысының әкімі тағайындалды

347

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің зан факультетін бітірген. 1980-1993 жылдары — Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті. 1993-1994 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы. 1997-1999 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Бас консулы, 1999-2004 жылдары — ҚР Президенті протоколының бастығы, 2004-2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті протоколының бастығы — Қазақстан Респубилкасы Президентінің кеңесшісі. 2006-2007 жылдары — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Айта кетейік, Түймебаев 2016 жылдың қазанынан бері бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі қызметін атқарған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.