ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ІС-САПАРЫМ

459
♻️Түркістан облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың жағдайы және партияның 2023-2027 жылдарға «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы Республикалық Кеңестің көшпелі отырысы өтті.
♻️ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Бияхметұлы Саировтың жетекшілігімен өткен жиынға Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Кеңес мүшелері Парламент Мәжілісінің депутаттары Абзал Құспан, Нұрлан Әуесбаев, Қайрат Балабиев, «Генералдар кеңесі» РҚБ Астана қаласы бойынша филиалының төрағасы Өміртай Бітімов, партияның Орталық аппараты Партиялық бақылау департаментінің директоры Дәурен Бижуманов қатысты.
♻️Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовқа сауалымды қойдым. Облыста мектептер жемқорлардың ордасына айналып отыр. Білім мен тәрбие беретін, еліміздің болашағы қолында тұрған білім мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың жайлап кетуі миға сыйымсыз. Өкінішке орай осындай жағдай орын алды. Оған қоса, өңірде 5 үш ауысымдық мектеп және 4 апатты мектеп бар. Ескірген меткептер қаншама! Ордабасы ауданының Елшібек батыр ауылында мектептің жоқтығынан, 208 оқушы мақташыларға арналған жатақханада оқыған. Ғимаратта оқу бөлмелері жеткіліксіз, оның үстіне тозған. Ауылда оқушы саны көбейген соң, жанында тұрған бір қабатты үйді де оқу корпусы қылған. Бірақ төбесі ойылып, қабырғасы қақыраған соң, оны да жауып тастаған. (Бейнесюжет бар)
Бұл проблеманы шешу үшін қандай шара қабылданатынын сұрадым. Сондай-ақ, өңірде жұмыссыздық проблемасы алдыңғы қатарда екені мәлім. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған грант беру жұмысы да толық орындалмады. Анықтамада көрсетілген мысалдарға қарасақ, Келес ауданында 2023 ж. 190 адамға грант беру жоспарланған. Алайда, көрсеткіш 78,9% орындалып, 40 адамға грант берілмей қалған. Оған не себеп? Жергілікті атқарушы органдармен бұл жұмыс дұрыс жүргізілмей отыр. Халық арасында түсіндіру жұмыстары неге жоқ?
Жиын қорытындысымен жергілікті атқарушы органдардың бірқатар басшыларына партиялық тәртіптік шара көру ұйғарылды.
Мукаш Искандиров, Қазақстанның Еңбек Ері

Leave A Reply

Your email address will not be published.