«Түнде шошып ояндым»: Гүлзира Айдарбекова отадан кейінгі жағдайын айтты (ВИДЕО)

42

Әлеуметтік желіден

https://turkystan.kz/article/280653-tunde-sosyp-oiandym-gulzira-aidarbekova-otadan-keiingi-zagdaiyn-aitty-video
Қазақстандық продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде денсаулығына қатысты жаңалығын бөлісті. Ол ұзақ уақыт бойы өтіндегі тастарды алдыруға батылы жетпей жүргенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айдарбекованың айтуынша, алдағы уақытта жиі ұшуға тура келетіндіктен, денсаулығына алаңдай бастаған. Әсіресе ұшақта жағдайы күрт нашарлап кете ме деген қорқыныш болған.

“Қанша жылдан бері өтімді түгел алдыруға қимай жүрдім. Бір үмітпен тасын ғана алатын емші табылар деп күттім. Бірақ алда жиі ұшулар бар, ұшақта приступ болса не істеймін деп уайымдадым”, – дейді ол.

Продюсер қызықты бір жайтты да атап өтті. Оның сөзінше, түнгі уақытта оянып кетіп, әлеуметтік желіні ашқан сәтте дәрігердің парақшасы алдына шыққан.

“Түнгі сағат 4:30 шамасында шошып ояндым. Телефонды алып, Instagram ашсам, алдымнан доктор Руслан шықты. Барлық пікірлерді қарап, бірден осы кісіге барамын деп шештім. Таңертең хабарласып, келетінімді айттым”, – деп жазды Айдарбекова.

Ол операцияның сәтті өткенін айтып, бір күннен кейін үйіне шығарылғанын жеткізді. Сондай-ақ, көпшіліктен қолдау көрсетіп, дұға жасағандары үшін алғыс білдірді.

“Бәрі сәтті өтті, бүгін үйге шығып жатырмын. Екінші елден дұға сұраймын, тілектеріңіз қабыл болсын. Алла баршаңызға саулық берсін”, – деді продюсер.

 

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/280653-tunde-sosyp-oiandym-gulzira-aidarbekova-otadan-keiingi-zagdaiyn-aitty-video

Leave A Reply

Your email address will not be published.