«Сыртқы көрнекі ақпарат құралдары және сыртқы жарнамалардың тіл сауаттылығын зерделеу» атты қалалық айлық жалғасуда

393

Қалада  2023 жылдың 25 қаңтар – 25 ақпан аралығында «Сыртқы көрнекі ақпарат құралдары және сыртқы жарнамалардың  тіл сауаттылығын зерделеу» атты қалалық айлығы жүргізілуде.

Мақсатымыз — зерделеу жұмысы барысында сыртқы көрнекі ақпарат құралдарында орын алған қателіктер бойынша нысан иелеріне және әкімшілік басқарушыларына ескертіп, әдістемелік көмек көрсету.

Зерделеу барысында кәсіпкерлерге  Заң талаптары көрсетілген парақшалар таратылып, бірлесіп жұмыс жасау үшін жауапты мамандардың ұялы және жұмыс телефондары, электрондық пошталары ұсынылуда.

Ағымдағы жылдың 25 қаңтар – 17 ақпан аралағындағы зерделеу жұмысында 60-қа жуық нысан зерделеніп, ауызша ескертіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Кейбір нысан иелері анықталған кемшілікті деп кезінде қалпына келтірген. Атап айтсақ, ABC кеңсе тауарлар мен балалар киімдер дүкені. (қателік: таурлар-дұрысы:тауарлар)

Сонымен қатар, Корзинка, Фиркан супермаркеттер желісінің баға көрсеткіштері тілдерді дамыту бөлімі тарапынан аударылып, қателіктері түзетіліп, ағымдағы жылдың І-тоқсанында толығымен аяқталатын болады.

Былтырдың өзінде кәсіпкерлік нысандар мен көшелер бойындағы 10000 мыңға жуық жарнамалар мен ақпараттар сараланған.  

Солардың 15-18%-да тілдік норма сақталмаған. Түзету туралы ұсыныс хат беріп, әдістемелік көмек көрсеттік.

Қала әкімдігінің мәдениет және тілдеді дамыту бөлімінде  «ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ» қызметі жұмыс жасайды.

Мақсат — көрнекі ақпарат, деректемелер бойынша аударма жасауға, жарнаманы тіл туралы заңнама талаптарына сәйкес дұрыс рәсімдеуге көмек көрсету.

Өткен жылы 100-ден аса өтініш түссе, биыл жыл басынан  16 жеке кәсіпкерге жарнама мәтіндерін мемлекеттік тілде дұрыс жазылуын тексеріп бердік.

Құрметті қала тұрғындары және кәсіпкерлер!

Жарнама беру кезінде жауапкершілікпен қарап, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының талаптарын сақтайық!

Қаламыздың тарихи маңызды сипатын, эстетикалық талғамын, стильдік ерекшелігін қалыптастыра отырып қала тұрғыны, тіл жанашыры ретінде  бірлесіп жұмыс жүргізуге шақырамыз!

Белсенділік көрсетіп, ат салысқан тіл жанашырлары Қала әкімдігі тарапынан марапатталатын болады.

«ЖЕДЕЛ ЖЕЛІГЕ» мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 34-93-57; 34-69-01; 87029180713; 87077148408.  

Leave A Reply

Your email address will not be published.