Түркиядағы жер сілкінісі қолдан жасалған деген ақпарат тарады

174

Түркиядағы жер сілкінісі қолдан жасалған деген ақпарат тарады

Түркиядағы жер сілкінісі қолдан жасалған деген ақпарат тарады

 

«Іс жүзінде таралған видео 2022 жылдың қараша айында Түркияның бірқатар ауданда  6.1 балды жер сілкінісі болған кезде түсірілген роликтерден тұрады. Қазір таратылып жатқан видео үзінділері елдің екі түрлі бөлігінде түсірілген. Ауласы жарықтандырылған үйдің видеосы Дюздже қаласында түсірілген. Екіншісі, көп машиналар көрсетілген ақ-қара түсті видео Биледжиктегі Оклуджа ауылында түсірілген», — деп жазады Stopfake.

Екінші видеода көкжиекте жарық жарқылдайды. Анықталғандай, бұл жер сілкінісінің қолдан жасалғанының дәлелі емес.

«Ерекше құбылысқа нақты түсіндірме жоқ болғанымен, ол қастандық теориясының дәлелі бола алмайды.

Біріншіден, жарық жарқылдай бастаған кезде жерасты дүмпулері болып жатқан еді. Демек, керісінше, жыпылықтаған жарық жер сілкінісінен немесе оның салдарынан туындаған.

Екіншіден, әлемде күшті жер сілкінісін қолдан жасайтын технология жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.