Балалардың эстетикалық көзқарасы мен талғамын дамытудың бірден-бір тиімді жолы бейнелеу өнері болып табылады. Эстетикалық тәрбиеде бейнелеу өнеріне ерекше орын беріледі. Ол әр түрлі сезімге бөлей отырып, балаларға өмір, тұрмыс-салт, тіршілік мәнін ашады, оларды қоршаған орта—тіршілік құбылысына мән беріп қарауға үйретеді.
Орталықтың бейнелеу өнерінен білікті әрі тәжірибелі маман Әшімбаев Валихан Ошақбайұлы дәріс береді. Үйірмеге 8 бен 18 жас аралығындағы ұл және қыз балалары қатыса алады. Сабақ үш топқа бөлініп оқытылады, яғни аптаның сейсенбі күні I топ: 9.00-10.30, II топ: 10.30 – 12.00 және III топ: 14.00- 15.00 өтсе, сәрсенбі күні III топ: 16.00-17.30 аралығында, ал жұма күні I топ: 9.00-10.30 және II топ: 10.30-12.00 уақыттарға қойылды.
Анаға Тағзым Орталығы