Сыбайлас жемқорлыққа қауқарлы күрес қажет

253

Бұл дерттің жаппай жойылмау жолын жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Ендеше жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғы­нуына және орындауына көмек­те­су­дің алғышарттарының бірінен санала­ды. Атап айтқанда, ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы са­на қа­жет. Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы са­на қалыптасқан жағдайда адам адам­гершілікке жат қылықтардан бой­ын аулақ ұстай бастайды, заңға қай­шы ке­летін әрекеттерді жасауға жол бер­мейді.

Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінде өткен жиын барысында айтылды. Басқосуға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Равиль Төлебаев, аталған департаменттің жанынан құрылған ақпараттық үгіт-насихат штабының жетекшісі Қасымхан Төлендиев және білімгерлер мен жастардың Тараз қалалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғабиден Исатай сондай-ақ мекеме қызметкерлері қатысты.

— Қазір сыбайлас жемқорлықтың бар­­лық түрлерін жою үшін Қазақстан аза­­маттарының құқықтық санасын арт­ты­­ру жүргізілуде. Өйткені олар сыбайлас жем­қорлыққа қарсы білімінің болмауына байланысты абайсызда сыбайлас жемқорлықтың қатысушылары болып қа­лады. Бүгінде мемлекеттік органдар­да сенім телефондары орнатылған. Бұ­қа­ралық ақпарат құралдарында мем­ле­кет­тік қызметтердің көрсетілуі туралы ма­қалалар жариялануда. Мемлекеттік ор­гандардың қызметшілері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тағылымдамалар өт­кізілуде. Халыққа қызмет көрсету орта­лық­тарында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға болады.

Жалпы, біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап әлемдік стан­­дарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жү­­зеге асырылып келеді, — деді Равиль Қуанышбайұлы.

Бұдан кейін сөз алған аталған департаменттің жанынан құрылған ақпараттық үгіт-насихат штабының жетекшісі Қасымхан Естемесұлы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында да жемқорлыққа қарсы кү­ресті күшейту мәселелері нақты көр­сетілгенін, өз кезегінде мұның барлығы сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күресте нақты нә­ти­же­лер­ге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін баса айтты.

Жиын соңында білімгерлер мен жастардың Тараз қалалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғабиден Сандыбекұлы студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында оқу ордаларында тұрақты түрде жүйелі жұмыс жүргізілетіндігіне тоқталды. Ол өз сөзінде осы жұмыстардың негізгі идеясы — жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу екендігін айтты.

Жансая Еркебаева,
ЖД-158/4 мекемесі кадр саясаты тобының қызметкері

Leave A Reply

Your email address will not be published.