«Суға түсіп, батып кеткен»: Ертістен ер мен әйелдің мәйіті табылды

130

Павлодар облысында су айдыны маңында жоғалған екі адамды іздеу жұмысы аяқталды. Құтқарушылар Ертістен ер мен әйелдің денесін алып шықты.

Ведомствоның мәліметінше, екі жағдайда да қаза болғандардың денелерін оқиға куәгерлері тауып, кейін бұл туралы құтқару қызметтеріне хабарлаған.

«1 маусым күні Ертіс ауданында Ертіс ауылы маңындағы Ертіс өзенінің бір саласының жағалауынан құтқарушылар 1990 жылы туған әйелдің мәйітін судан алып шықты. Әйел 18 мамыр күні суға батып кеткен.

Сол күні Павлодар қаласында Ертіс өзенінен ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 1990 жылы туған, Ресей Федерациясының азаматы болған ер адамның мәйітін алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, ол 28 мамыр күні суға түсіп, батып кеткен», —  деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Aikyn.kz 

ФОТО: www.istockphoto.com

Leave A Reply

Your email address will not be published.