Спорт – денсаулық кепілі

251

Тараз қаласы аумағында орналасқан «Дарын Арена» спорт кешенінде «Спорт денсаулық кепілі» атты жастар арасында футболдан турнир өткізілді. Футбол турнирі бампербол стилінде өткізілді. Ол дегеніміз қатысушылар өздерінің үстіне үрленген шарлар киіп футбол ойнайды. Ондағы мақсат спортшылар бір-бірімен қақтығысып не болмаса соқтығысып құлаған жаңдайда жарақат алмас үшін. Футболға Тараз қаласының өнерлі жастары, жайдарманшы жастары, волонтерлар мен қала аумағындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатыстырылды. Турнир қорытындысы бойынша «Реал» командасы біріш орынды жеңіп алды. Қалған жүлделі екінші орынды «Математик» командасы, үшінші орынды «Волонтер» командасы жеңіп алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.