Сот отырысының хатшысы қызметі-абыройлы міндет

48

Сот отырысының хатшысы да соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде өте маңызды рөл атқарады. Сот отырысыныңхаттамасын жүргiзетiн, сондай-ақ сот отырысыныңаудио-, бейнетіркелуін қамтамасыз ететін, қылмыстық iске мүдделi емес мемлекеттiкқызметшi сот отырысының хатшысы болыптабылады. Сот отырысының хатшысы өзiхаттамалауды қамтамасыз етуi қажеттi барлықуақытта сот отырысының залында болуға және сот отырысынан төрағалық етушiнiң рұқсатынсызкетпеуге; хаттамада соттың әрекеттерi мен шешiмдерiн, соттың отырысына қатысушы барлықадамдардың өтiнiшхаттарын, қарсылықтарын, айғақтарын, сондай-ақ сот отырысыныңхаттамасында көрсетілуге жататын басқа да мән-жайларды толық және дұрыс жазуға; сот отырысының хаттамасын осы Кодексте белгiленгенмерзiмде дайындауға; төрағалық етушiнiң заңдыөкiмдерiне бағынуға; жабық сот отырысынақатысуына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етпеугемiндеттi.

Сот отырысының хатшысы сот отырысыхаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшінжауап береді және сот отырысының хаттамасынаанық емес не шындыққа сәйкес келмейтінмәліметтер енгізілген жағдайда заңда көзделгенжауаптылықта болады. Сот отырысы хатшысыныңжұмысы осы адамның сот отырысы залындақатысуымен ғана шектелетін сияқты болыпкөрінеді, алайда сот отырысының хатшысы ісматериалдарын сот отырысында қарауғадайындаумен айналысады, хабарламаларды, шақыру қағаздарын, смс-хабарламаларды процескеқатысушылар мен тараптарға жібереді. Соныменқатар, ол процеске қатысушы адамдардың келуін де қамтамасыз етеді. Бұған қоса ол өзі сот отырысынақатысады және сот отырысының хаттамасынжүргізеді, сот актілерін орындайды, сот істерінзаңнама талаптарына сәйкес ресімдейді, құжаттарды мұрағаттайды және оларды сот мұрағатына тапсырады. Сот хатшысы сот құрамымен бірге жұмыс істей жүріп хаттамалардыжазу барысында талай адамдардың түрлітағдырына да куә болады. Сондықтан оларғамемлекеттік қызметші болғандықтан мораль, ар-ождан, парыз және жауапкершілік тұрғысынанжоғары талаптар қойылады.

Сот отырысының хатшысы процескеқатысушылардың түрлі көңіл-күйлеріне сабырменқарап, көңіл ауанына берілмей, өзінің тәжірибесінөзінің қызметтік міндеттерін бұлжытпай атқаруғажұмсайды. Сондықтан да ол сот құрамының бірбөлшегі болып өз ісіне қашан да жауапкершілікпенқарайды. Сот отырысының хатшысы өзініңқызметіне деген осындай адал көзқарасымен өзелінің патриоты ретінде әрдайым жоғары талапбиігіне сай жұмыс істейді. Судьяның жұмысы, соттың бейнесі мен беделі хатшының өзміндеттерін қалай атқаратынына да байланысты. Сондықтан да оған үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сонымен қатар, Сот отырысының хатшысыМемлекеттік қызметшілер заңдылық қағидатынбасшылыққа алуға; мемлекеттік саясатты жақтауғажәне оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға; жалпыға ортақ қабылданған моральдық-әдептілікнормаларын сақтауға; Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісіболуға  міндетті.

Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің бас маман сот отырысының хатшысы Е.А.Байсенгиров

Leave A Reply

Your email address will not be published.