Шырынның ішіне телефон жасырған азамат қолға түсті

74

Таразда түзеу мекемесіне тыйым салынған зат кіргізбек болған азамат қолға түсті. Оқиға Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне бағынысты №25 мекемесінде болған.

Белгілі болғандай, мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғанмен кездесуге келген азаматтың алып келген сәлем-сауқатын тексеру кезінде шырынның қорабынан 2 дана кнопкалы телефон табылған.

Тыйым салынған заттарды №25 мекеме тінту бөлмесінің жедел уәкілі, аға лейтенант М. Амирбеков, әділет аға сержанты Б. Тілеу және 5513 әскери бөлімінің бақылаушысы, сержант Е. Муратов пен сержант Б. Асылбеков анықтаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.