БАЛАБАҚША ИГІЛІККЕ БЕРІЛДІ

48
Бірлесу-Еңбек ауылында 75 орынға шақталған “Айналайын” балабақшасы игілікке берілді.
Тұрғындардың қуанышына ортақтасуға келген аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы балаларды қуанышқа бөлеу игі істердің бірі екенін, осындай істен шет қалмай, балабақшаның ашылуына септігін тигізген кәсіпкер Қайрат Тұрсынбаевқа алғысын білдірді.
Балабақша 75 орынға арналған, алдағы уақытта кәсіпкер орын санын ұлғайтуды көздеп отырғанын жеткізді.
Салтанатты ашылуына аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, аудандық білім бөлімінің басшысы Зауре Абрасилова, аудандық ардагерлер кеңесінің Бақыт Сырлыбаев және ауыл азаматтары қатысты

Leave A Reply

Your email address will not be published.