Бұл туралы зардап шеккендердің ата-аналары мәлімдеді.
Шымкентте екі кәмелетке толмаған балаға қатысты ауыр қылмыс дерегі бойынша іс қозғалды. Жәбірленуші балалардың бірінің анасының айтуынша, оқиға 2021 жылы болған. Ол перзентханада жатқан кезде 9 жастағы ұлын туыстарына қалдырған. Сол уақытта ер адам бірнеше күн бойы балаға қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған. Кейін белгілі болғандай, дәл осы адам тағы бір баланы басқа туысының ұлын да бірнеше күн бойы зорлаған. Зардап шеккендердің отбасылары құқық қорғау органдарына ресми түрде арызданған. Шымкент қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, куәлардан жауап алынуда, іс материалдары жан-жақты зерттеліп жатыр. Іс құқық қорғау органдарының бақылауында.
фото мен ақпарат: Aikyn.kz сайты.