Шымкентте бір үйдің 5 адамы газдан уланып қаза болды

59

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм болғандар ерлі-зайыптылар мен олардың 2007, 2008 және 2012 жылы туған балалары.

Оқиға Ынтымақ-2 шағынауданындағы жеке тұрғын үйде болған.

Газ мамандарының айтуынша, қайғылы оқиғаға дейін қауіпсіздік бойынша жүргізілген рейдтік жұмыстар кезінде газ құрылғысы тексеріліп, бұл үй газбен қамту желісінен ажыратылған көрінеді. Алайда үй иесі көгілдір отынды өздігінен қосып алған екен.

 

https://turkystan.kz/article/235505-shymkentte-bir-ydi-5-adamy-gazdan-ulanyp-aza-boldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.