Шымкентте 2 жасар баланың қолы ет тартқышқа қысылып қалған

250

«Оқиға орнына жеткен жедел әрекет ету тобы екі жасар баланың қолын электрлі еттартқыш шайнап тастағанын анықтады. Аға фельдшер Сержан Сәбденов, фельдшер Нұрғали Ташкенбаев және құтқарушы Жанболат Омаров алғашқы медициналық көмекті көрсетті. Оң қолының көптеген жері сынған бала Абай ауылының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды», — деп хабарлады Шымкент ТЖД.

Ресми ақпаратқа сәйкес, баланың қолын механизмнен шығару үшін жедел әрекет ету бригадасы апатты-құтқару жабдығын пайдаланды. Ол кезде бала наркозда болған.

Қазіргі таңда баланың жансақтау бөлімінде екені нақтыланды.

Төтеншеліктер ата-аналардан кішкентай балаларына мұқият қарап, абай болуды ескертеді.

 

https://stan.kz/shimkentte-2-zhasar-balanin-koli-et-tartkishka-kisilip-388282/

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.