Қала тұрғындарымен кездесуде Шу қаласынан Халыққа қызмет көрсету орталығын ашу туралы ұсыныстарын жеткізген болатын. Бұл бастама қолдау тауып, қала әкімдігінің ғимаратынан ХҚКО ашу жұмыстарын бастап кеткен болатынбыз.
Бұл өз кезегінде қаладағы 40 мыңға жуық тұрғынның түрлі мемлекеттік қызметтерді аудан орталығына сабылмай-ақ қол жеткізуіне жол ашады.
Қазіргі таңда онда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Орталық қараша айының аяғына дейін ашылып, ел игілігіне жұмыс істейтін болады. Осыған байланысты, құрылыс жұмыстарымен танысып, жауапты тұлғаларға жұмысты уақтылы аяқтауды тапсырдым.
Сәкен Арубаев, Шу ауданының әкімі