Сарысулықтар әлем чемпионын салтанатты түрде қарсы алды

120

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов, Жайылма ауылдық округінің әкімі Жандарбек Смағұлов бастаған бірқатар азаматтар Румынияның Констанца қаласында өткен қазақ күресінен Әлем кубогінде әлемнің 20 елінен келген балуандар сынға түскен додада 66 келіде өнер көрсеткен жерлесіміз, алтыннан алқа тағынған спортшы Нұрболат Мырзановты салтанатты түрде күтіп алды.

Ауданымыздың мәртебесін асқақтатқан спортшығы үлкен құрмет көрсетіліп, ауыл тұрғындарының ықыласына бөленді.

Жеңісті күнде көк байрағымызды желбіреткен жеңімпаз әлемдік деңгейде өткен жарысқа демеушілік көрсеткен аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевке алғысын білдіріп, әлі де талай үмітті ақтайтынын жеткізді.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.