ШУ АУДАНЫНДАҒЫ АУЫЛДАРДА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ

87
Қардың еруіне байланысты бірқатар ауылдарда су ағыны пайда болып, ауыл маңына жайылған. Күні кеше ғана Жаңа жол ауылындағы Иманберди Мамедгасанов көшесінің тұрғыны Батырбек Секеевтің ауласына су жайылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Аталған үйдің ауласын қар суынан тазарту жұмыстарына ауыл тұрғындарынан бөлек, жергілікті әкімдік пен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев Жаңа жол ауылындағы ахуалды көзбен көріп, тұрғындармен тілдесті. Сонымен қатар, Ескі Шу ауылдық округінде дәл осындай жағдайдың алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде төтенше жағдайлар бөлімі мен әкімдікке қарасты арнайы техникалар бірқатар ауылдарда бөгет тұрғызып, қауіптің алдын алу жұмыстары жалғасуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.