Шу ауданының әкімі Ж.Айтақовтың өкімімен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына Аманғазиева Райхан Жамантайқызы тағайындалды.
Аманғазиева Райхан Жамантайқызы 21.05.1980 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында дүниеге келген.Ұлты-Қазақ. Білімі – жоғары.
2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде білім алған. Еңбек жолын жылдары Мойынқұм аудандық денсаулық сақтау басқармасының заңгер-кадр бөлімінің инспекторы болып бастаған.
06.03.2006-15.05.2006 жылдары Мойынқұм аудандық соты бас маман-сот мәжілісінің хатшысының міндетін атқарушы, 15.05.2006-05.01.2011 жылдары Мойынқұм аудандық соты бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, 05.01.2011-04.11.2011 Мойынқұм аудандық соты ҚР Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті, Жамбыл облыстық соты кеңсесінің Бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, 04.11.2011-10.08.2012 Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, 10.08.2012-27.08.2013 Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің Бас маманы, 27.08.2013-19.10.2016 Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің Басшысы, 20.10.2016- 26.04.2019 Шу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған.