Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды

259

Ауданда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне іс-шара өткізілді.

Жуалы ауданы әкімінің аппараты мен мәслихатының аппараты басшылары және бөлім басшылары 1932-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жабағы Асхат Базарбайұлы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай өткізілген іс-шарада сөйлеген сөзінде тарихи оқиғаны тереңінен толғады.

Жиылған көпшілік «1минут үнсіздік» еске алу рәсімін орындады. Сонымен қатар, ауыл имамы Сейітқазы қажы Медетбеков саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына арнап құран бағыштады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.