Саясатпен айналысатын әйелдер санын көбейту керек

88

Өтк­ен жылы «AMANAT» партиясының барлық об­лыс­тық филиалында «Әйелдердің ел да­муындағы рөлі» атты форум өтті. Аталған іс-шараның мақсаты – әйел­дер кәсіпкерлігін дамыту, оларды елдің қоғамдық-сая­си өмі­ріне тарту, ген­дерлік теңдікке және ауыл қыз-ке­лін­шектеріне өз қа­білет-қарымын танытуға жағдай жасау. 

Форумға ауылдық жерде тұ­ратын әйелдер, үй шаруа­сын­дағы аналар, өзін-өзі жұмыспен қам­тығандар, жұмыссыздар, көп­ба­ла­лы аналар, бюджеттік сала қыз­­мет­керлері мен кәсіпкерлер, депу­тат­тар мен қоғам қайраткерлері қа­ты­сып, әйелдердің қоғамдағы рө­лін талқылады және өзекті мә­се­ле­лерді шешудің жолын қарастырды. Енді бұл жұмыс ары қарай қалай жал­ғасады? Биыл әйелдерге ар­нал­ған қандай жаңа жобалар қол­ға алынбақ? Бұл туралы Парламент Мә­жілісінің VІІ шақырылым депу­таты, «AMANAT» партиясы жа­нын­дағы білім беру және денсаулық сақ­тау мәселелері жөніндегі Респуб­ли­калық қоғамдық кеңес төрайымы Жұлдыз Сүлейменовадан сұраған едік.

– Әйел теңдігі, олардың қо­ғам­дағы орны, гендерлік саясат төңірегінде түрлі пікір айты­ла­ды. Осы орайда форум әйелдер ара­сындағы қандай мәселе­лер­дің шешілуіне мүмкіндік береді?
– Мемлекет басшысы әйелдердің эко­номикалық мүмкіндіктерін арт­тыру мақсатында инсти­ту­цио­налды реформалар жасау, әлеуметтік сая­сат­ты модернизациялау, қоғамдағы әйел­дердің мәртебесін көтеру жай­лы баса айтты. Ол үшін партиялар Мәжіліс пен мәслихат депутаттары­на кандидаттар тізімін жасақтаған кезде әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота қарастыруды мін­дет­тегені баршамызға белгілі. Әйел­дердің саясатқа, басшылық қызмет­ке, оның ішінде шешім қабылдау дең­гейінде араласқанына баршамыз мүд­деліміз. Себебі әлеуметтік мәсе­ле­лерді шешуде әйелдің жанашыр­лы­ғы мен табандылығы қажет деп ойлаймын.
2022 жылдың қыркүйегінен бас­тап, «AMANAT» партиясының бар­л­ық облыстық филиалында «Әйел­дер­­дің ел дамуындағы рөлі» тақы­ры­бында форум өтті. Басты мақсат – әйелдерді елдің қоғамдық-саяси өмі­­ріне тарту, әйелдер кәсіпкерлігін да­мыту, гендерлік теңдікке және ауыл әйелдерінің өз қабілет-қары­мын танытуына жағдай жасау. Фо­рум­­ға қатысушылар қоғамдағы әлеу­­меттік-демографиялық прог­рес­ті қамтамасыз етудегі әйелдердің рөлі, экономикалық өсудің жаңа үл­гілеріне көшу, денсаулық сақтау мен білім беруді дамытудағы және за­манауи қоғамдағы әйелдердің рө­лінен туындаған мәселелерді ше­шу­дің ортақ тәсілін әзірлеу үшін пікір ал­масып, ұсыныстарды талқылады. Диа­логқа мемлекет және қоғам қай­рат­керлері, кәсіпкерлер, көпбалалы ана­лар, бюджет саласының қыз­мет­керлері, білім беру саласының өкіл­де­рі, денсаулық сақтау мамандары және тағы басқалар қатысты.
– Осы уақытқа дейін елі­мі­з­дің біраз өңірін араладыңыздар. Әйелдер қауымын негізінен қандай мәселелер толғандыра­ды? Сіздерге қандай проблема­сын жеткізді?
– Аталған форум еліміздің бар­лық 20 өңірінде өтті. Мен Ақтөбе, Ұлы­тау облысы және Шымкент қа­ла­сындағы форумға қатысу мүмкін­ді­­гіне ие болдым. Әйелдер өте бел­сен­ді. Әр облыста, мегаполисімізде көп­­­балалы, жалғызбасты және асы­­­­­­раушысынан айырылған әйелдер ке­ліп, әлеуметтік сұрақтардың ше­шімін және әлеуметтік қамтылу мә­селелеріне байланысты мұң-мұқ­тажын жеткізді. Мамандар ден­сау­лық сақтау және қаржылық сауат­ты­лық жайлы дәріс оқыды. Әйелдер қо­сымша мамандық алу арқылы жұ­мысқа орналасу механизмдерін қай­та қарауды сұрады. Сонымен қа­тар мектептегі тегін тамақтандыру, қо­сымша білім, балалардың түрлі шығармашылық үйірмелері мен спорттық секцияларына қатысу мүм­кіндіктері, колледждерге мем­ле­кеттік тапсырыс және универ­си­тет­терге әлеуметтік осал топтардағы от­басы балалары үшін тегін гранттар ту­ралы ақпарат қажет екенін жет­кізді. Бұл мәселелер мүмкіндігінше сол жерде шешілді. Ал өзге сұрақтар ор­талық мемлекеттік және жер­гі­лік­ті атқарушы билік органдарына жол­данды.
Жалпы, қоғамда әйелдердің белсенділігін, гендерлік тең­дікті жүзеге асыру мемлекеттік сая­саттың өзекті бағыты болып қала береді. Бұл – мемлекеттілікті нығай­тып, азаматтық қоғамды қалыптас­тыру­дың, саяси мәдениетті дамыту­дың негізгі факторларының бірі. 2021 жылғы деректерге сәйкес, Қа­зақ­стан гендерлік теңдік рей­тин­гінде 80-орында, бірақ 2006 жылы дәл осы рейтингте біз 32-орында бол­дық. Яғни, гендерлік теңдік сая­са­тын жүзеге асыру, әйелдер құқығы, олар­дың саясаттағы рөлі, оның ішін­де белсенділігі, тұрмыстық зор­лық-зомбылық, әйелдердің құ­қық­тық сауатын арттыру, еңбекақы тө­леу­дегі гендерлік алшақтық мә­се­лелері, сонымен қоса әйелдердің эко­номикалық мүмкіндіктерін арт­тыру бағытында әлі де қоғам бо­лып шешетін түйткілді де өзекті сұ­рақ­тар бар.
– Форум басталғалы басы-қа­сын­да жүрсіз. Сіздіңше, әйелдер ара­сындағы мәселелерді шешу­дің қандай жолы бар?
– Жалпы, бәсекеге қабілетті ел болу үшін мемлекеттік саясатта жә­не қоғамдық санада әйелдердің ген­дерлік теңдігін нығайту, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, олар­дың құқықтық сауаттылығын арт­тыру маңызды. Саясатпен айна­лы­сатын әйелдер санын көбейту керек.
Әйелдерге байланысты ген­дерлік теңдік саясатын жү­зеге асыру – демократияға жетудің не­гізгі факторларының бірі. Қазіргі қо­ғамда тиімді гендерлік саясатты жү­зеге асыру үшін халыққа ген­дер­лік құқықтар мен бостандықтар ту­ра­лы, әйелдердің гендерлік теңдік ту­ралы білімі жөнінде белсенді түр­де ағартушылық ақпараттар беру өзек­ті. Әйелдердің гендерлік теңсіз­діктермен күресінде сауатты болу үшін әрбір адамның қоғам алдында өзін жауапты сезінгені қажет.
Әрине, әлеуметтік зерттеу­лер­ді көбірек өткізуіміз қажет. Жалпы, білім бағдарламаларында ба­ла­бақшадан, орта мектептер, кол­ледж және университеттердің оқыту, білім беру мазмұнында әйелдердің талап-тілегі мен құқығы тапталмай­тын жан-жақты, сауатты, теңдік жә­не әділдік принциптерін қызғыш­тай қорғайтын қоғам құрудың не­гіздері оқытылуы керек деп ойлай­мын.
Әде­биеттегі, медиа, бас­па­сөз­дегі әйел образының зор­лық-зомбылыққа немесе әйелдердің дискриминациясына қалай әсер ететіні туралы терең зерттеулер ке­рек. «AMANAT» партиясы әлеуметтік осал топтардағы азаматтардың мә­селелерін заңнамалық тұрғыдан жүйелі түрде шешіп келеді. Мысалы, мү­­­гедектікті анықтау тәртібін жеңіл­детіп, оларға көмек көрсететін же­ке көмекшілерге төлем енгіздік.
I топтағы 35 мың мүгедектігі бар аза­матқа қосымша әлеуметтік жәр­демақы тағайындалды. Ата-ана­сы­ның қамқорлығынан немесе асы­раушысынан айырылған мүгедектігі бар балаларға 2 жәрдемақы төлене­тін болды. Балаларды оңалтуға ар­налған 13 орталық және балалы әйел­дерге арналған 67 дағдарыс ор­талығы ашылды. Бұл жұмыс бола­шақ­та да жалғасын табады.
– Партия алдағы уақытта «Әйел­­дердің ел дамуындағы рө­лі» форумында көтерілген сұрақ­тардың масштабын кеңейтуге бай­ланысты жаңа жоба ұсына ма?
– Орталық мемлекеттік және жер­гілікті атқарушы билік орган­дарында шешім қабылдауда қыз-келіншектердің қатарын арттыру керек. Ауыл және қала мектептері ара­сындағы білім теңсіздігі немесе мүгедектігі бар азаматтардың, тұр­мысы нашар, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтамасыз етілген топтағы ба­ла­лардың өмір сапасын көтеру – маңызды мәселе.
Егер жергілікті билікте, жалпы жоғары орталық мемлекеттік органда мектеп формасымен қам­та­масыз ету мәселесін әйелдер қарас­ты­ратын болса, ол мүлде басқаша ше­шімін табар еді. Әлеуметтік, мә­дени мәселелерде әйелдің жана­шыр­лығы мен табандылығы, жалпы әйел сол мәселені өз отбасында қалай ше­шеді, дәл сондай шешімді мемле­кет­тік деңгейге ұсыну механизмін енгізу өзекті.
«АMANAT» партиясының транс­фор­мациясы аясында гендерлік тең­дік және гендерлік әділеттілік, әйелдердің саяси, әлеуметтік және экономикалық саладағы рөлін қарас­тырып, мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы билік орган­дарымен өзекті мәсе­лелер­дің ше­шімін қол­ға алды.
Әлеуметтік кә­сіпкерлік­ті ын­таландыратын әйелдерді жұ­мыс­пен қамту бағдар­ла­масын бе­кіту және қа­былдау, әйелдер кә­сіп­­керлігін қолдау жә­не қаржылық ре­сурс­тар­дың қолжетімділігін арт­тыру, несие беру жасын ұлғай­ту бағ­дарламаларын жүзеге асыру әйел­дердің экономикалық мүм­­кін­діктерін кеңейтудің және әлеу­меттік қол­даудың жаңа фор­масы деп біле­мін. Заңнамаға барлық диск­ри­ми­нацияны болдырмауға не­месе жоюға арналған талдау жүр­гізіп, әйел­дердің гендерлік теңдігін қа­лып­тастыру және дамыту туралы заң­намалық, құқықтық тұрғыдан бе­­кітілуі қажет деп ойлаймын. Со­ны­­мен бірге әйелдерге арналған ре­сурс­тық орталықтар желісінде әйел­дерге интеллектуалды, заңна­малық көмек-қолдау жұмыстарын жүйелі жаңғырту қажет.
«AMANAT» партиясының плат­формасында «Басты байлық – адам» деген бөлім бар. Аталған бөлімде «Берекелі отбасы: Отан отбасынан бас­талады» демографиялық өсімге, барлық отбасылардың балаларын алаңсыз тәрбиелеп, келешекке се­німмен қарауына лайықты жағдай жасау партияның міндеті ретінде қарастырылған. Сондай-ақ әлеумет­тік салада ана мен баланы қолдау жүйесін сапалы жүзеге асыру, әлеу­мет­тік қызметкердің мәртебесін кө­теруді, балалармен және ерекше қа­жеттіліктері бар адамдармен жұ­мыс істейтін мамандарды дайындау инфрақұрылымын құру, кішкентай балалары бар әйелдерге, жалғыз­бас­ты аналарға қолайлы еңбек жағ­дайын жасау тетіктерін заңнамалық негізде қарастыруды «AMANAT» пар­­­­тиясы жүйелі түрде жүзеге асы­рып жатыр. Ең бастысы, ана мен ба­лаға лайықты қамқорлық және қол­дау, қолайлы әлеуметтік инфр­а­құрылым, қолжетімді баспана мәсе­лелерін шешуді партия өзінің басты қағидаты деп есептейді. Бұл жұмыс партия жобаларында одан әрі жал­ға­сатын болады.
– Әңгімеңізге рақмет!

Leave A Reply

Your email address will not be published.