Бүгін Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық керуені» Сарысу ауданына келді.
Қазақстан халқы Ассамблеясын 2022-2026 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасында көрсетілген «Ел бірлігі» зәкірлі жобасы аясында ұйымдастырылған «Достық керуені» қазақстандық патриотизмді ілгерілетуге, ұлттық мәдениетті және рухани дәстүрлерді сақтау мен дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, еліміздегі этностарды «әралуандықтағы бірлік» қағидаты бойынша біртұтас ұлтқа топтастыру.
Жамбыл облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілханов, Жамбыл облысы әкімдігі Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары Дәурен Тайлеев бастаған, құрамында облыстық күрді, тәжік, өзбек этно-мәдени бірлестік жетекшілері, облыстық Аналар кеңесі, облыстық «Ассамблея жастары» бірлестігінің мүшелері және «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері бар «Достық керуенін» аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов бастаған аудан ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері күтіп алды.
Шара аудандағы түрлі этностардың салт-дәстүрлерін, қөлөнер мен ұлттық тағамдарын көрсетуден басталды.
Мемлекеттік тілдің дамуына ықпал ету, өз этнос өкілдерінің тілдеріне құрметпен қарау мақсатында «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі» атты тақырыпта кітап көрмелері мен бұрыштар ұйымдастырылып, таныстырылды.
Аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында аудандық ардагерлер кеңесі, алқа билер кеңесі, аналар кеңесінің мүшелері және ҚХА жанындағы ақсақалдар мен аналар кеңесінің қатысуымен арнайы кездесу жиыны өткізілді. Кездесуде ұлттық мәдениет, рухани дәстүрлер, бірлік пен татулық насихатталды. Жиынға қатысушылар өз ойларын ортаға салды.
«Тимбилдинг – ұйымшыл және тату бірлік» тақырыбымен аудан жастары командалық тимбилдингтер ұйымдастырса, «Бірлік әралуандықта» тақырыбында жас суретшілер мен қөлөнершілердің байқауы достықтың, бірлік пен татулықтың қадірін білуге шақырды.
Этнос жастары мен аудан жасөспірімдері арасындағы ұлттық спорттық ойындар (арқан тарту, асық ойнау, ләңгі тебу, гір тасын көтеру, қол күрес, дойбы) «Достық керуені» шарасын одан әрі қызықты ете түсті.
Спорттық шараларға қатысқан жастар Тараз қаласынан арнайы келген цирк өнерін тамашалады.
«Достық керуеніне» арналған шара арнайы ұйымдастырылған «Өнерім — саған Қазақстан!» атты өнер фестиваліне ұласты. Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов құттықтау сөз сөйлеп, өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқталды.
Аудандағы этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері, өкілдері, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген ақсақалдар мен аналар кеңесінің мүшелері және спорттық ойындардың және суретшілер мен қолөнершілер байқауының жүлдегерлері марапатталды.
Сарысу аудан әкімдігі