Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға ресми іссапарына орай Анкара қаласында инвестициялық форум өтті. Аталмыш форумда Қазақстан және Түркия жалпы құны 1 млрд 700 млн долларды қамтитын 22 құжатқа қол қойды.
Аталған басқосудағы құжаттар негізінде елімізде көптеген жаңа жобалар жүзеге асатын болады. Соның бірі – Жамбыл облысы Сарысу ауданында «Калцийленген сода» өндіретін зауыт салынбақ. Жоба Түркия елінің «Yildirim Holding» компаниясымен іске асады.
Қос елдің 200-ден астам ресми тұлғалары мен ірі кәсіп иелері қатысқан форумға Жамбыл облысының делегациясын облыс әкімінің кеңесшісі Аслан Саржанұлы бастап барып, облысы әкімдігі атынан Түркия елінің Yildirim Holding атты компаниясымен «Кальцийленген сода» өндіру инвестициялық жобасын іске асыру туралы екі жақты меморандум жасасты. Жобаның жалпы құны 270 млн. АҚШ долларын құрайды.
Бүгінде Жамбыл облысында жобаны іске асыру аумағы анықталған. Ол – Сарысу ауданы, Тоғыскент ауылдық округі. Онда аталған компания өкілдері осы жылдың маусым айынан бері геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде. Зауыттың құрылыс жұмыстарын бастау 2019 жылдың 4-ші тоқсанына, ал толық эксплуатацияға (пайдалануға) 2021 жылдың бірінші жартысында беріледі деп көзделуде.
300-ден астам адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, зауыт жылына 400 мың тоннаға дейін кальцийленген сода өндіріліп; импортқа тәуелділік төмендейд. Ішкі және сыртқы нарық (ЕАЭС) қамтылады. Қорыта айтқанда, Жамбыл облысы мен тұтастай елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзінің оң әсерін тигізеді.
«Yildirim Holding» «- төрт құрлықта жұмыс істейтін ірі түрік холдингі екенін атап өткен жөн. Қазіргі кезде «Yildirim Holdin»-ін Қазақстанда бизнес жүргізуде тәжірибесі бар компания десек те болады. Мысалы бұл компанияның 2013 жылы Ақтөбе облысында хром концентратын өндіру зауыты бойынша инвестициялық жобасы іске асырылды. Енді компания Жамбыл облысында «Кальцийленген сода» өндіру үшін жаңа зауыт салуға инвестиция құюға ниетті.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда Жаңатас қаласында тағы бір тұз зауыты – «Асыл тұз» аумағы 4 га құрайтын зауыты ашылған болатын. Зауыт салуына бөлінген инвестиция құны 710 млн. теңге.
«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. Зауытта 65 адам қызмет етеді. Қызметкерлерге барлық жағдай жасалған. Болашақта жұмыс орындарын үш есе арту жоспарда бар. «Асыл тұз» зауытының негізгі құрылтайшысы L-Capital холдингінің «ALLTRANS» көлік компаниясы. Зауытта осы компанияның жүзден аса арнайы техникасы іске қосылған.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі